Ырғызда есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қарияға көмектесті

Есепте тұрған сотталғандар жалғызбасты қариямен бірге тал екті, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың аудандағы жалғызбасты қарияның ауласына тал егуіне ықпал жасады. Аталған қайырымдылық іс-шарасын аудандық пробация қызметі Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құралған “Жастар” еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

«Ізгі іс-шарасы кезінде есепте тұрған сотталғандар аудандағы жалғызбасты қарияның ауласын күл-қоқыстан тазартып, тал егіп берді. Шараны өткізудегі мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыра отырып, қылмыстың алдын алу, болдырмау. Сонымен қатар, есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі – олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз», – дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.

Томирис Терекова