Ақтөбелік кәсіпкер қазақ күресіне жанашырлық танытып жүр

Қазақ күресінің дамуына атсалысып жүрген «Белес» қазақ күресі спорт клубының өкілдері бүгін Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларды марапаттады.

Нұр-Сұлтан қаласында 25-28 ақпан күндері өткен Қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған балалар арасындағы ҚР жасөспірімдер чемпионатында жеңімпаз атанған Сыздық Ерболат, Тәліп Мұстафа және олардың жаттықтырушылары Нұрбек Ерінбетовке ақшалай сертификаттар табысталды. «Белес» спорт клубы Нұр-Сұлтан қаласында бір жылдан астам уақыттан бері балаларды қазақ күресіне баулып келеді.

Бұл спорт клубының жұмыс жасауына жуырда ғана Ақтөбе қалалық мәслихатына депутат болған кәсіпкер Сұлтан Асанов жанашырлық танытып, демеушілік көрсетуде.