Нағымжан Алдияров Ақтөбе облысының құрылыс саласына жауап бермек

Ақтөбе облысы​ Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Нағымжан Алдияров тағайындалды, деп хабарлайды AqtobeDay тілшісі ресми дереккөздерге сілтеме жасап.

Осыған дейін Хромтау ауданына басшылық еткен ол енді облыстық құрылысы мен сәулетіне жауап бермек.

Айта кетейік, Нағымжан Алдияров — М.Тынышбаев атындағы қазақ мемлекеттік​ көлік және коммуникация академиясының түлегі.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Аққайың» өндірістік кооперативінің бас есепшісі болып​ бастаған, Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі болды, Ақтөбе қаласының тұрғын үй және коммуналдық​ шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары​ бөлімін басқарды, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Алға ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

фото: rikatv.kz