Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 22 цистерна-вагон аударылды

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 22 цистерна рельстен шығып қалды, деп хабарлайды оқырмандар AqtobeDay.kz тілшісіне. Бұл ақпаратты ТЖМ растап отыр.

Оқиға Ұлпан стансасы маңында болған. 43 вагонның 22-сі жолдан шығып қалған.

Адам шығыны жоқ.

Әзірге, жолаушылар пойыздарының қозғалысы шектелуі мүмкін. Белгілі болғандай, Ембі станциясында №42 Атырау-Алматы бағытындағы пойыз тоқтап тұр.

Қазірде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр.