Боксшы әрі капитан Хромтау ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болып Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі Yedilov Online телеграм-каналына сілтеме жасап.

37 жастағы Азамат Бекет осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Мамандығы заңгер ол экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күре саласында ұзақ жылдар еңбек еткен.

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облысында спорт салаларын қадағалап келді. Атырау облысының Жылыой ауданын басқарған.

Бокстан халықаралық сыныпта спорт шебері. ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі. Көптеген спорттық жарыстарда топ жарған. Қаржы полициясы капитаны шені бар.