Ақтөбеліктер өзбек азаматының құжатын қалпына келтіріп, жолына билет алып берді

Ақтөбелік үкіметтік емес ұйым өкілдері Өзбекстан азаматы Дилмуров Жалиловтың құжаттарын қалпына келтіріп, еліне қайту үшін жол шығындарын өтеп берді, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі.

Облытық ПД хабарлауынша, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көші-қон қызметкерлері ҮЕҰ өкілдері, «Дәріс» ақпараттық-консультативтік орталығымен бірлесіп, Өзбекстан азаматы Дилмурод Жалиловтың жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті.

«Сонымен бірге, Өзбекстан азаматы Дилмурод Файзуллаевтың билетін сатып алып берді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметкері Ерболат Сарқұлов.