Ресей азаматтары Ақтөбе облысының шекарасын заңсыз кесіп өткен

Шекараны заңсыз кесіп өткен екі Ресей азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі полицияға сілтеме жасап.

Облыстық ПД хабарлауынша, екі Ресей азаматы Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтті. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

«Ақтөбеде көші-қон заңнамасын бұзған 431 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 225-і шетелдік және 206-ы Қазақстан азаматы. Үш шетелдік шекарадан шығарылды», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметкері Ерболат Сарқұлов.