Мұғалжар ауылындағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 10 жастағы бала көз жұмды

Бейсенбіге қараған түні Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылындағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Бекет Айсұлтанның айтуынша, өрт жалпы 80 шаршы метр жерді шарпыған.

«Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлады. 10 жастағы бала қайтыс болды. 1968 жылы туған үй иесі мен 1998 жылғы азамат әртүрлі дәрежедегі күйік алып жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді», — дейді ТЖД өкілі.