Ақтөбелік шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында гір спортынан ересектер арасында ел біріншілігі аяқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров алтын медаль алды.

Ақтөбеде Гір және қол күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшы қатысты. Олардың арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар.

Жарысқа қатысушылардың барлығынан ПТР анықтамасы сұралды.

«Ерлер және әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Жастар арасында ерлер 7, ал қыздар 4 салмақта өзара мықтыны анықтады. Армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасты. Жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған. Ақтөбе облысының қоржыны 2 алтын, бір қола бар. Ерлер арасында Евгений Гончаров І-орынды, Айтқали Балтабаев ІІІ-орынды иеленді. Әйелдер арасында І-орынды Алмагүл Шамгонова алды», — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқан.

inform.kz