Мәртөк ауданы базарсыз қалуы мүмкін

Ақтөбе облысындағы саудагерлер жалғыз базардың жабылуына қарсы, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр Мәртөк елдімекеніндегі сауда орнын мониторинг тобы тексерген. Сол кезде үнсіз кеткен комиссия арада үш ай өткен соң, індетке қарсы санитарлық талапты бұзды деп айыппұл салған.

«Қомақты айппұл төлегенше, табысы жоқ базарды жапқаным тыныш» — дейді кәсіпкер.