Ақтөбелік жас тілші әлеуметтік желі қолданушыларына видео түсірудің қыр-сырын үйретпек

Жас тележурналист әлеуметтік желі қолданушыларына мобильді телефонның көмегімен видео түсірудің қыр-сырын үйретпек ниетте. Бүгінде Нұржан Дияр арнайы видео сабақтар түсіруге кірісіп кетті, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі.

«Сабақтың біраз бөлігін түсірдік. Жақын күндері дәрісті бастап кетеміз. Жалпы, бұл әлеуметтік желідегі аудиториямның өтініші. Қазір кез келген жас өзінің парақшасындағы контенттің сапалы болғанын, видеолары мен фотоларының кәсіби түсірілгенін қалайды. Оның барлығы, әрине, мүмкін нәрсе», — дейді Нұржан Дияр.

Видео дәріс инстаграм желісінде жабық парақшада өтеді.

«Онлайн дәрісті күн сайын желіге жүктеп отырамыз. Қатысушылар жеке куратормен немесе өз бетінше оқитын болады. Екеуінің ақысы екі түрлі», — дейді жас тілші.

Айта кетейік, бүгінде Нұржан Дияр желіде сапалы видео контент жасап жүр. Оның қызметіне қаладағы бизнес өкілдері жүгіне бастады.