Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе? Ас қорыту жолдары туралы бірер сөз

Біздің ас қорыту жүйеміз үйдегі кәріз құбырлары секілді. Бұл ретте аш ішек құбырды еске салса, тоқ ішек қалдық жинайтын орын іспетті. Ал, біз осы ас қорыту жолдарын таза ұстау үшін не істеуіміз керек? Құнарлы заттар адам ағзасына аш ішек арқылы өтеді. Одан әрі қарай қанға түседі де, әрі қарай ағзаға тарайды.

Енді үйдегі кәріз құбырларын май мен қалдықтар бітеп тастайтынын ескерсек, ас қорыту жолдарында не болып жатқанын өзіңіз де бағамдай беріңіз. Тамақ қалдықтары мен токсиндер жалпы ағзаның жұмысына да қатты әсер етеді. Токсиндер қан арқылы ағзаның барлық бөлігіне тарап, қанға түседі.

Ағзада токсиннің шамадан тыс көп болуы себепті бірқатар өнімді тұтына алмайсыз. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағзаны қорғау жүйесі әлсірейді. Майлы тағам жей алмайсыз. Энергия деңгейі төмендейді, теріде мәселе туындауы мүмкін.

Ағзаны қалай тазарту керек? 3 қадамды есте сақтаңыз:

  1. Жатар алдында тамақ ішпеңіз! Егер ұйқы кезінде асқазаныңыз толы болмаса, ағза өзінен-өзі тазара береді. Детоксикация мен ішектің тазаруы процесі жүреді. Ал, керісінше, тамаққа тойып жатсаңыз, ағзада тамақ қалдықтары артығымен жиналып қалуы мүмкін.

  2. Майлы тағамды азайтыңыз. Қуырылған тамақты шектеңіз. Тәттіні шектеу керек. Бұл аталған тағам түрлері ішек жұмысын бұзады. Артық заттар шлакқа айналып, ағзада тұралап қалады.

  3. Суды көп ішіңіз. Су мөлшері көп болса, ағзадағы зат алмау процесі жақсы жүреді. Су ағзадағы қалдықты сыртқа шығарады. Судың жетіспеушілігі тазару процесін тежейді. Су ішпейтін адамдардың ағзасында токсин көп мөлшерде жиналады. Тәулігіне 1,5–2 литр су ішу керек. Тәтті шырын мен газдалған сусыннан аулақ болған жөн.

Ас қорыту жүйелерін тазартуға алоэ өсімдік сусынын пайдалануға болады. Табиғи алоэ ас қорыту жолдары жұмысын жақсартуда қолданылады. Құрамындағы алоэ ас қорыту жүйесіндегі жұмысты қалпында сақтап тұрады. Ас қорыту барысын жеңілдетеді. Сусынның классикалық дәмін таңертеңнен тұтынуға болады. Ал күндіз ішемін десеңіз жеміс дәмі қосылған түрі бар.

Herbalife компаниясының Алоэ сусыны туралы толық ақпарат білгіңіз келсе, +7 771 442 97 30 ватсап-нөміріне хабарласыңыз!