
Ақтөбе облысының соты 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған 17 жастағы жігітке қатысты үкімді жеңілдетті, — деп хабарлайды AqtobeDay.kz сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Мұның алдында бұл оқиға туралы «Не молчи.kz» қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook желісінде жазған болатын.
«Осылайша 2020 жылдың 24 қарашасында ол жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облыстық сотында осы іс бойынша апелляциялық тыңдау өтті. Апелляциялық сотта жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда заң егер ерекше жеңілдететін жағдайлар болса, жазаны жеңілдетуге мүмкіндікті көздейді.
Сот алқасы жігіттің кәмелетке толмаған жасын, оның осы іске өкінгенін, оң сипаттамасын, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін ескерді. Осыған байланысты сот оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты», — делінген хабарламада.