Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізіп, қамауға алынған әйел 14 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Ақтөбеде мас күйінде көлікке отырған азаматша қамауға алынды. Бір қызығы — ол көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Тәртіп сақшылары рұқсат құжатынсыз көлік басқарғандардың жазасы күшейтілгенін алға тартады, деп хабарлайды AqtobeDay тілшісі Policia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде М.Шоқай көшесіндегі үйдің ауласында 32 жастағы әйелдің басқаруындағы “SsangYong” автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында автокөліктен алкогольдің өткір иісі шыққан, сондай-ақ полицейлер оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Тілші» онлайн мектебі. + 7 778 523 44 96

Полиция департаменті бір жылдан бері Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілгенін еске салады.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.