Ақтөбеде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды

Ақтөбеде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпкер ақтөбелік өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай, көпқабатты үйдің пәтерінде пиротехниканы сатуға қойған. Пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

“Пиротехника” жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 11 фактісі анықталды, онда сәйкестік сертификаттары жоқ 388 пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар (341 отшашу және 47 қорап) тәркіленді.