Қандыағашта тұтас бір көшедегі жолдың жағдайына паблик ашылды. Жергілікті билік қалдық төсеп беретін болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында тұтас бір көшенің жайын жеткізетін паблик ашылды, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі. Тұрғындар желідегі парақшаға жолдың жағдайы туралы фотолар мен видеолар жүктеп жатыр.

Бейбітшілік (бұрынғы Набережная — ред.) көшесінің жағдайы, желідегі суреттер мен видеоларға қарағанда, сын көтермейді. Жаңбыр жауса, ми батпақ, жаяу адам да, көлік те өте алмайды.

Тұрғындар жөндеу жүргізілетін көшелер тізіміне тағы да Бейбітшілік көшесінің ілікпегеніне наразы. Тіпті, пабликтегі посттарда жауапты құрылымдарды белгілеп өткен. Алайда, жергілікті биліктің жауабына тұрғындар қанағаттанбай отыр. «Нақты жауап емес» дейді ашынған халық.

View this post on Instagram

Из-за установки оборудования (колонки) для налива питьевой воды КГП "Коммуналькищ" дорожно строительной компаний с Кандыагаша в строну Шубаркудык была разрушена дорога по улице Набережная (Бейбитшилик) г.Кандыагаш. ранее жильцы улицы на свои деньги засыпали дорогу щебнем, песком… Просим Акимат г.Кандыагаш потребовать с виновников устранить последствия разрушения дороги… @tokayev_online @akordapress @aqtobe_akimat @nurotan_aqtobe @mugaljar_aydanynyn_akimdigi @kandyagash_ppo

A post shared by 🔴🔴🔴 ul_naberezhnaya (@ul_naberezhnaya) on

«Сіздің көшені асфальттау немесе Сейфуллин көшесін жөндеуден ауысқан қалдықты төсеу туралы сұраныс хатыңыз комиссиялық тәртіпте қаралды. Осыған байланысты Сейфуллин көшесін жөндеуден қалған қалдықты жөндеу жөнінде шешім қабылдадық. Кейін Бейбітшілік көшесіне асфальт төсеу мәселесі қаралады», делінген жергілікті әкімдіктің жауабында.