Респуликалық онлайн айтыста ақтөбелік Нұрбол Жауынбаев пен Нартай Тілеуқұл алғашқы үштікке енді

Ел бойынша 16 жас ақын сайысқа түскен республикалық онлайн айтыста ақтөбелік Нұрбол Жауынбаев пен Нартай Тілеуқұл екінші және үшінші орындарды иеленді, деп хабарлайды AqtobeDay тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Республикалық ақпараттық-насихаттау тобы өткізген сайыста бас жүлдені елордалық Бек Шмат иеленді. Бірінші орын — шымкенттік Бекжан Базарбектің еншісінде.

Ал, екінші орын алған ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа 300 000 теңге, үшінші орын иегері Нартай Тілеуқұлға 200 000 теңге сыйақы табысталды.