Ақтөбеде отағасы әйелін жеті баласымен үйінен қуып жіберді

Ақтөбеде отағасы әйелін жеті баласымен үйден қуып шыққан, деп хабарлайды AqtobeDay тілшісі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаевқа сілтеме жасап.

«Көпбалалы отбасыға баспананы мемлекет берген. Қазіргі уақытта құзырлы органдар мәселесі шешу үшін әрекет етіп жатыр», — дейді прокурор.

Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, тұрмыстық зомбылықтың алдын алу жөніндегі call-орталықтың көмегімен 7 әйел мен 21 балаға көмек көрсетіліп, олар дағдарыс орталығына орналастырылды.

Call-орталық нөмірлері: 8 7132 44 57 89, 44 57 90, 8 707 986 34 60