Коронавирус: ақтөбеліктердің үйлеріне келіп экспресс-тест алып жатыр

Мамандар 8 мөлтек ауданының тұрғындарын коронавирус белгілеріне тексеруде, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі.

«Бірнеше үйде ауру тіркелген. Солардың айналасындағы көрші-көлемдері, жақындарынан экспресс-тест алынып жатыр. Бұл жұмыстар кеше басталды және бүгін де жалғасады», — деді облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев.

Ресми мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысында коронавирус белгілері анықталған 25 адам тіркеліпті. Оның біреуі ауыр халде, тағы біреуі — орташа, қалғандары — қанағаттанарлық.

Еске сала кетейік, коронавирус жұқтырған тұрғын 8 мөлтек ауданындағы супермаркетке жиі барып жүрген. Осыған байланысты супермаркет жабылды. Содан кейін дүкенге жақын орналасқан үйлердің тұрғындарына емхана мамандары келе бастады.