Ақтөбедегі «Ақбұлақ» атауын өзгертті

Ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме «Aqtobe su — energy group» акционерлік қоғамы болып өзгерді, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі.

«Кәсіпорынды қайта атау технологиялық процестерге ешқандай әсер етпейді. Сумен жабдықтау, кәріз су бұру және жылумен жабдықтау бойынша барлық объектілер қалыпты штатты тәртіпте қызмет атқарып тұр.
Алдағы уақытта Сіздерге коммуналдық қызметтерге төлемақы құжаттары «Aqtobe su — energy group» АҚ атынан келетіндігіне назар аударуларыңызды сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, былтыр «Ақбұлақ» АҚ және «Трансэнерго» АҚ біріккен болатын. Мекеме басшылары мұны қаржылық қиындықтарға байланысты жасалған қадам деп түсіндірді.