Ішкі саясаттың тапсырмасымен соңғы жарты жылда Ақтөбеде 2 ақпарат құралы жабылды

Облыстық ішкі саясаттың тапсырмасымен Ақтөбеде соңғы жарты жылда екі ақпарат құралы жабылды, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі.

«Үш таған» рухани-танымдық журналының ұжымы былтыр жыл соңында жобаның тоқтайтыны туралы ескерту алса, Aktobenews.kz сайты осы айда өз жұмысын тоқтатты. Аталған ақпарат құралдары өңірдегі биліктік «Ақтөбе Медиа» («бұрынғы атауы — «Шамшырақ») ЖШС-ке қарасты болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысы әкімдігі жыл сайын мемлекеттік тапсырыс аясында облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері мен мемлекеттік Qazaqstan корпорациясының бөлімшесіне (облыстық телеарнаға), тағы бірқатар ақпарат құралдарына жыл сайын орта есеппен 300 миллион теңге бөліп келсе, былтыр және биыл қанша қаражат үлестірілгені туралы ақпарат жоқ.