Асхат Шахаровтың орынбасары екі айға қамауға алынды

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды AqtobeDAY тілшісі.

Мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Жангелді Әубәкіров «аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен күдікті атанды.

Аталған бапқа сәйкес, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Жангелді Әубәкіров былтыр жазда Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

41 жастағы шенеунік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс салаларына жауапты болды.