Ақтөбе полицейлері бір түнде 200-ге тарта адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты

Ақтөбеде бір түн ішінде 185 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі.

Қала аумағында 07-10 сәуір аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған “Жаяу жүргінші — жолаушы” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде жүріс бөлігін кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге және жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.

«Іс-шараны өткізу барысында барлығы 185 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 24 жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпаған, 57 жаяу жүргінші жүріс бөлігін жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерден кесіп өткен. Сонымен қатар, қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін сегіз жүргізуші, телефон пайдаланғаны үшін 21 жүргізуші, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін төрт жүргізуші жауапқа тартылды», – деп түсіндірді батальон командирі Ермек Шуканов. О