Ақтөбе облысында мас жүргізуші жасаған жол апатынан жолаушы көз жұмды

Темір ауданының тұрғыны “Лада-Ларгус” автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар “Покровка-Жаңажол” автожолының 89 шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлік құралын “орташа” дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жүргізуші қамауға алынды.

Polisia.kz