Ақтөбелік полицейлер велосипед ұрлаған тұрғынды қолға түсірді

Полиция қызметкерлері көппәтерлі үйдің кіреберісінен велосипед ұрлады деген күдікпен 53 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі. Шығын 50 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.