Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты іс жүргізу аяқталды

Ақтөбе сақшылары “Тиімді Депозит” ЖШС қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі.

«Осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерді қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін 30 сәуірге дейін Ақтөбе қаласы, ағ.Жұбановтар көшесі, 271 “а” үй, 416 кабинет мекенжайы бойынша келулеріңізді немесе 936-416 телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың ақпаны аралығы күдіктілер Ақтөбе, Атырау, Алматы және Ақтау қалаларында “Тиімді Депозит” ЖШС қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардың ақшаларын иемденген, сонымен қатар бөліп төлеу арқылы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті қабылдаған.