Ақтөбеде пәтер өртеніп, баспана иелері арнайы баспалдақ арқылы құтқарылды

Бүгін сағат 11:33-те облыстық ТЖД кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түсті. Сәңкібай батыр даңғылындағы көпқабатты үйде пәтер жанды, деп хабарлайды AqtobeDay.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Оқиға орнына 4 техника мен 13 адам жіберілді. Ас үйдегі жиһаз жанған. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақ арқылы үй иелерін құтқарды. Тұрғын үйден 10 адам эвакуацияланды», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер тұрмыста қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.